👈 қаріп өлшемі 👉

  14.02.2022
  29


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КІМ БОЛАСЫҢ, АЙГЕРІМ?

– Үлкейгенде кім боласың? –
Десем мен,
Көңіліме ұялап бір ізгі арман.
Дейді Айгерім:
– Кезімде мен есейген,
Ең алдымен Сіз болам.
– Үлкейгенде не істейсің? –
Десем мен.
(Естиярға ұқсастырып бір өзін)
Жауабы оның:
–Кезімде Ертең есейген,
Футбол ойнап жүремін.
– Тағы неге құмартасың? –
Десем мен.
(Ойланғандай).
(Оңай емес бұл əсте).
– Ол кезімде есейген,
Қатысамын күреске.
– Бұдан басқа кім боласың? –
Десем мен.
(Тебірентіп жауабына жанымды)
– Тезірек мен есейсем,
Боксер болам кəдімгі.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы