👈 қаріп өлшемі 👉

  14.02.2022
  34


Автор: Абдрахман Асылбек

Қоштасу

Шалғайдағы Шушадан
Қамданды Ильич қайтуға.
Жиналар ма мұнша адам,
Жақсы тілек айтуға.
Әдейі арнай басылған
Біреу беріп байпағын,
Деп қояды:
– Асыл жан,
Аяғыңды байқағын.
Арнап тіккен молдау қып
Біреу беріп ішігін,
Ойлап жатыр тоңбауын
Мейірбанды кісінің.
Енді біреу
Етпенен
Тамағы бар табағын
Қойып жатыр еппенен
Арт жағына шананың.
Енді біреу өзінің
Шешіп көне қолбағын,
Сездіреді сезімін –
Тоңбасын деп қолдарың.
Енді біреу өзінің
Шешіп қайыс белдігін,
Сездіреді сезімін –
Болсын дейді бел мығым.
Минька-дағы келді ұшып –
Ильичтің шын жан досы.
Достығының белгісін
Білдірмекші таңда осы.
Шешті-дағы асыға,
Басындағы тымағын,
Ұсынды оны досына,
Тоңбасын деп құлағың.
Бірақ, Ильич алмады
Минька берген сыйлықты.
Нұрға толып жан-жағы,
Керемет бір күйді ұқты.
Елжіреді ет жүрек,
Миньканы Ильич көтеріп.
Құшырлана өтті кеп
Мейіріммен әкелік.
– Минька,
Мені сүйесің,
Ризамын, шырағым.
Тымағыңды ки өзің,
Тоңбасын өз құлағың.
Сөзге берік ер кісі,
Хабарласпау – шын айып,
Шын достықтың белгісі –
Хат жазысып тұрайық.
Қоштасты Ильич қиылып,
Минькамен де өзгемен.
Жүрек біткен жиі ұрып,
Суланды көп көз деген.
Минька қимай жан досын,
Біраз жерге жүгірді.
Жан досының таңда осы
Бар қадірін ұғынды.
Желіп өтіп жеделдей,
Қыраттардан, қырқадан,
Питер жаққа бөгелмей
Жүріп кетті ұлы адам...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы