14.02.2022
  146


Автор: Абдрахман Асылбек

Бояушы

Зәулім үйді көрдің бе!
Зәулім үйге ендің бе!
Құлпыртқан кім сол үйді!
Соған көңіл бөлдің бе!
Бөлмелері әр түсті:
Бірі – қанық сары түсті.
Бірі – қызғылт, бірі – ақ,
Бірі – алтын дән түсті.
Бірі – көктің ашығы,
Бірі – көктем жасылы.
Бөлмелердің бәрінде
Бояулардың асылы.
Әр белмеден шалқып нұр,
Жұртты өзіне тартып тұр.
Ішіне енсең – шыққысыз,
Сырдың исі аңқып тұр.
Салынып үй, сарайлар,
Ырза болса талайлар,
Оны сырлап құлпыртқан –
Бояушы апай, ағайлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу