14.02.2022
  113


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

Санамақ - ЕКІНШІ ЖАТТЫҒУ

Он деген де
Бір сан менен нөл тұрды.
Он бірім де
Екі сызған
Бір деген сан,
Тең тұрды.
Он екімде
Бірмен көрші
Екеу бар.
 Он үшімде
Бірмен бірге,
Үшеуді ал.
Он төртіме
Бірді жаз да төртті қой.
Он бесіме
Бірге жақын бесті қой.
Он алтыға,
Бірге көрші алты бар.
Он жетіде
Жетіміздің алды бір.
Он сегізге
Бірге таяу сегіз бар.
Он тоғызға
Бірге көрші тоғыз бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу