Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  132


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТАМОЖНЯДА

Бір-бірінен өтеді
Таможнай қадірлі
 Тындырар іс жетеді,
Тұрмыстағы кəдімгі.
Бір есіктен бір есік,
Ашылады-жабылып...
Айдардан жел жүр есіп,
Кейбіреулер абынып.
Қағаз жазу...
Ақша алу...
«Бармақ басты, көз қысты».
Бір-бірінен жасқану,
Құпия əркім өз ісі.
Алыпсатар көп пенде,
Аярланып өпкендей...
Қылықтарын көргенде,
Қылкөпірден өткендей.
Қысым туды қанымда,
Көріп «жаңа» адамды!
Ақындардың жанында,
Алаяқтар қадірлі.
Бар ішінде надан,
Басын теріс бұрғандай.
Өтіп жатқан адамды
Қарауылға алып тұрғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу