Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  123


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СОВЕТ-ҚЫТАЙ «ДОСТЫҚ» ЖОЛЫН КӨРГЕНДЕ

Тəттілік кетіп балдан да,
Тамсанып жүрген көрінген.
Үзіліп, тоқтап қалғанда
Үмітті көргем бөлінген.
Табысқа қолы жеткендей,
Табалап жаулар жан-жақтан...
Тауларым құлап кеткендей,
Тарихты біраз шаң басқан.
Күн нұры ойнап бетінде,
Достықтың созған қолындай.
Жоңғардың суық өтінде
Жүздестік.
Күткен жолым-ай!
Жаңадан Вокзал салынған
Жаңарып маңай кеткендей.
Осынау күнді сағынған
Тілегі елдің көктемдей.
Ғасырлар бойы қар ұстап,
Қақ жарып өтіп белесін,
Феодалдықты жаныштап,
Біртіндеп жылжып келесің.
Демалып жайлы купеде,
Рақат көріп неше күн.
Айналып осы өлкеге,
Сенімен əлі келемін.
Ойыммен шолып қыр жолын,
Үрімжіге де барармын.
Сенімен келген жыр томын,
Сеніммен сатып алармын.
Қолөнер бұйым тоннасы
Келсе де,
алып бітпеймін.
 Тиелген атом бомбасы,
Вагонды əсте күтпеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу