Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  142


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЛТЫБАҚАН

Айлы аспанның астында,
Алтыбақан тербелді.
Аруды алып қасыма,
Айтылды сыр мендегі.
Əн қарлығаш қалықтап
Жарық дүние жалғанмен.
Кетті көңілім шарықтап,
Табысқандай арманмен.
Иба қылып келіндер,
Қалжыңдайды жеңгелер:
«Осындай боп келіндер,
Қыз-жігітке тең өнер.
Айтысыңдар!
Жыр дайын.
Арман болар кеткесін.
Байқаңыздар, бұл қайным,
Орысшалап кетпесін!»
Тілде буын бола ма,
Бұрылады əр жаққа.
Қалқа болған долана,
Ғашықтар жүр жар жақта ...
 Аспан да ашық.
Ай нұры,
Ақ сүтіндей түйенің.
Ақ самалды байырғы,
Ақ жаныммен сүйемін.
Қалампырдың иісін
Қалауымша сіңірем.
Соның бəрі сый үшін
Жасалғандай шынымен.
Алтыбақан ырғағы
Сезіледі жанымдай.
Қазақтардың қырдағы
Секілді алақанындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу