Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  158


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МИЛЛИАРДҚА СƏЛЕМ

Миллиард болған мына Жүңго жері,
Тербейді алақанға ап күнде мені.
Бірі – туыс, біреуі – дос-жараным,
Ойымда қайың бүрлеп, гүл өнеді.
Ел сені теңей берсін құмырсқаға,
Бəрі бір сыға алмайды уысқа ала.
Алыпсың, қадамыңда Алып Сенің,
Айқасты құшақтарың туыс сана.
Қазақпын!
Жүздескенде сəлем берем.
Сонымен ерекшемін əлемге мен.
Салмағым сағыныштан арта түскен,
Қара Жер қайысумен əрең келем.
Қазақпын!
Жақындасқа сəлем берем.
Сонымен ерекшемін əлемге кең.
Сыйғызған кіп-кішкене ет жүрекке,
Басымда шашымнан көп сəлемдемем.
Алдымен сəлем берем бір туғанға,
Жамасар етек-жеңім жыртылғанда.
Волганы қайтем, бауыр,
Хуаңқыға ...
Қазақтың Есілі мен Сыр тұрғанда.
Сəлем де тұңғыш табан тиген жерге.
Жан анам омырауын иген жерге
Сəлем де сағыныштың сазын шерткен,
Алғашқы махаббатым сүйген жерге.
244
Ат жалын тартып тұңғыш мінген жерге,
Кестелі орамалды ілген жерге.
Алғашқы əн менен күй, өлең жазып,
Домбыра құлақ күйін білген жерге.
Сен жақтан біреу келсе далаңдаймын,
Сен деген көңілімде жаңа əн дайын.
Маңдайым кірбеңдікке ұя салса,
Манастың дариясындай манаураймын.
Сонау бір сұрғылт тартқан зар заманнан,
Мұңдары бір сəткеде тарқамаған.
Керейдің Майлы, Жайыр жайлауына,
Сəлем де Албан жері Қарқарадан.
Сəлем де Қазаққа тəн дала, баудан,
Сəлем де сан ұлтқа қалаға ауған.
Сəлем де Баркөліңе Алакөлден,
Сəлем де Жыңғаңсанға Алатаудан.
Не керек ағайынға араз, ылаң!
Дұшпанның табылмайық ғаразынан.
Үзілген Жібек Жолын қайта жалғап,
Кеп тұрмын Бесбалыққа1 Таразыдан.
Сəлем де ... Қорғаныңа
Жота, Қырдан.
(Сырлассаң шынымды айтып қотарылам).
Сəлем де Гомороның өлкесіне.
Ахмет Байтұрсынның Отанынан.
О, Құдай! Сақта өзің қырсығыңнан!
Сəлемді алып келем жыршы ұғынған.
Дуфудың томы тұрған сөрелерден,
Либайдың туған жері Шыршығымнан2
.
Миллиард астанасы жанға тың əн,
Естіртіп дауысымды алға шығам.

 Бежинге деген ұлы Сəлəмім бар,
Қазақтың астанасы Алматымнан.




1
Бесбалық – Үрімжінің орнында тұрған бұрынғы қала.


2 Қытайдың ұлы ақыны Либайдың туған жері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу