Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  148


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифоллаға


Ғарифолла Есімов,
Сөйлейсің-ау есіліп.
Кетесің-ау,
Кетесің
Бəйге кердей көсіліп.
Шаң шалмайды шашаңды,
Бетке алып көк жасыңды.
Қазып сөйлеп кетесің,
Қарттарымдай қашанғы.
Ғарифолла Есімов
Сөйлегенде шешіліп.
Даласында қазақтың,
Самалындай есіліп.
Бұлақ ағып тіліңнен,
Бал тамады діліңнен.
Сарқылмайды сар таңға,
Профессорлық біліммен.
Ғарифолла толғаған
Сөз алтынын сомдаған.
Сөйле, сары шешенім,
Тілде буын болмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу