Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  149


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - БЕСІНШІ ЖЫР

(Жеңешем Гүлзадаға)
Күн өтіп бара жатыр тұманданып,
Секілді аққан бұлақ бұлаң қағып.
Сол өткен уақыттың қысымы ма,
Шашың да көрінеді қылаңданып.
Ағайдың бақ боп біткен маңдайына,
Жеңешем шырқалатын əн ғой мына!
Жүргенде бұл өмірдің өрісінде,
Шыдадың қиындықтың қандайына.
Мейірімің көктеменің мамырындай,
Тұрады шуақтанып жаның ұдай.
Жақсылық дегендерге жайдары боп,
Лапылдап жанатұғын жалының-ай.
Жеңеше-ау, мен сені көш басы етем,
(Бұл сөзім əз жаныңды қозғаса екен).
Жүрегің шұғыладан жаралғандай,
Бұлттар күннің жолын тоспаса екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу