Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  235


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ - ТӨРТІНШІ ЖЫР

(Данаға)
Көзіңнен айналайын мөлдіреген,
Мен қанша қартайсам да сен жүдеме.
Тамырым жер астына терең кеткен,
Дауылға теңселмейтін мен бір емен.
Самалда бұтағыма самұрық боп,
Даламнан дарқан жатқан əн ұғып кеп.
Бүрлеймін,
Бұтақтаймын,
Биіктеймін.
Атаңның табиғатын сағынып кеп.
Жаныңнан айналайын елпілдеген,
Елпілдеп күн көзіне сен гүлдеген.
Жазыңның аққуы мен қаздарына,
Атаңмын айдын шалқар көл тілеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу