Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  113


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БАЛАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

Мəуелхан есенсің бе,
құрбым менің
Теріп ек қойжуа мен қыр гүлдерін.
Ақсудың жағасында,
есіңде ме,
Шомылып ақ жаңбырға бір жүргенің.
Іргелес болушы еді үй арасы!
Итіміз бір-бірімен ұялас-ты.
Жалаңбас, жалаңаяқ екеумізді,
Жасырған талай рет ши арасы.
Біріміз бірімізге безек болып,
Жүруші ек, сөз айта алмай өзек толып.
Мен сенің бұзауыңды қайырғанда,
Қоюшы ең, сен мен үшін тезек теріп.
Осылай өтіп жатты күн кешкіріп,
Əніміз қой күзеткен түнде естіліп.
 Мектепке барарда да,
Келерде де
Жүргенмін тайыншама мінгестіріп.
Ымыртта қоюшы едік бұйрырғынға от,
Жатса да шөпшек деген үйінді боп.
«Əндайқұл»,
«Ұшты-ұшты» ойыны орындалып,
Таласқа түсуші еді сиыр жүн доп.
Біздерді қалқалайтын таса там бар,
Сияқты шөкпей тұрған жас атандар.
Сол жерге тығылмақты бастағанда,
Сумаңдап, табал алмайтын Башақандар.
Бұл күнде есейдік біз ата-ана боп,
Шын жанған жүректегі жата ма от.
Адасқан балалықпен кездесейік,
Қай жерде қалды екен ап-адал боп.
Аңсадым…!
Жан-жағыма қарап қалдым.
Бергендей болды маңай бар аптабын.
Тығылмақ ойнаған жер,
қой күзеткенҚораны тұрдым жанға балап бəрін.
Мектеп те оңалыпты басында қыр,
Ақсу да арнасында тасып жатыр.
Ши,
тезек…
бəрі де бар,
ұғасың ба?
Балалық өзің болып қасымда тұр.
Көзіңнен баяғыдай таң көрінген,
Күлкіңнен көктемдегі сəн көрінген.
Қандыршы құмарымды бір кездегі
Қорада қой күзеткен əндеріңмен..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу