Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  112


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАРБҰЛАҚТЫҢ ЖАСТАРЫ

Жүзінен жастарының қызыға күн,
Қарайды өміріне қызығатын.
 Жүрсе де жауындарда, дауылдарда,
Шетінен жомарт көңіл, жүзі жарқын.
Сыйлайды туғанындай көз көргенді,
Сөйлесе ағылады сөздер легі.
Əлемнің жаңалығын ауылда айтқан,
Əсерлі əңгіме етер кез келгені.
Үйреніп хоккей ойнын жиі көре,
Біледі жанкүйер боп күйіне де.
Демалыс күндерінде,
біледі екен,
Астана жастарындай киіне де.
Біреуі автор болса Құнанбай боп,
Біреуі Қасым болды бұлаңдай кеп.
Біреуі əн шырқаса Роза боп,
Ал бірі өлең жазды Тұманбай боп.
Жүзінен жастарының қызына күн,
Қарайды өміріне қызығатын.
Жүрсе де жауындарда,
дауылдарда,
Шетінен жомарт көңіл, жүзі жарқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу