Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  101


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ОСЫ ҚАРАҒАЙ БАСЫНДА ОҚЫЛҒАН ЖЫР

Əңгімеңді тыңдай берем сеніп мен,
Альберт досым, айта берсең зерікпен.


Дубалтының қарағайы тұрғанда
Бумбуриді таңдады екен неліктен?
Ол белгісіз – ойласақ мың күніне,
Ол сəттердің жоқ қой қазір бірі де.
Мəңгі жасыл қарағайдың қылқанын,
Ұқсатты ма жырдың нəзік бүріне.
Бумбури деп айтамыз жас қылқанды,
Атты сонда талай жаңа жыр таңы.
Жастық шақта жас қарағай сая боп,
Жүргендігі,
Дəлел болып тұр тағы.
Осы жерде ұлағаттың үлгісі,
Жетер адам жиылса да күлкісі.
Ұлы ақынның махаббатын тудырған,
Тұр осында Аспазия күлкісі1.




1 Балтық теңізі жағасындағы Бумбури деген жерде латыштың ұлы ақыны көзінің тірісінде барып, саялап жүрген қарағайды Ранис атымен атаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу