Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  98


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚИРАҒАН ҚАРАҒАЙЛАРДЫ КӨРГЕНДЕ

Янис Райнистің ізімен
Сылдыр-сылдыр даусынан сыр аңдатқан,
Бұлақ жатыр құйрығын бұлаңдатқан.
Қарағайлы орманда келе жатып,
Қарағайға жолықтым құлап жатқан.
Тамырымен қопарылып түскен екен,
Осыншалық кім оны күштеді екен?
Кесірі жоқ ешкімге бұл кербездер,
Кесілетіндей сонша
Не істеді екен?
Қираса да қарағай бар атағы.
Кебежеге,
Төсекке жаратады.
Көк орманда жығылған қарағайлар,
Көпірлерге қажет қой даладағы.
Қалмайды өстіп бекерге қарағайлар,
Көңіліме осыдан тарады ойлар.
Амандығын сақтайық ормандардың,
Тыңдаңдаршы
інілер,
бар ағайлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу