Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  76


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАМБЫЛ КҮЙІ ТОЛАССЫЗ КҮМБІРЛЕГЕН - ЕКІНШІ ЖЫР

Ұл да туды өзіңдей, қыз да туды,
Төлқұжатқа ардақтап ізгі атыңды.
Біреулері бауырыңа бал үйірсе,
Біреулері тас болып мұз қатырды.
Қыран болып біреулер қанаттанды,
Жыр, əн болып біреулер талаптанды.
 Ұран болып біреулер көтеріліп,
Тауығы боп шақырды таңы атқанды.
Батыр да бар өзіңде аңыз толған,
Ақын да бар көңілге тамыз болған.
Сұлулар да туды ғой сұңғақтанып,
Ақбөпедей аяулы жаны ізгі арман.
Талай ұлан көтерді балғын ана,
Сəуегейлік қылмады алдын ала.
Ғасыр – ғалым толғатқан осылардан,
Ұлы жырау атанған Жамбыл ғана.
Алса дағы данқты малға матап,
Нағыз бақыт болмайды жалған атақ.
Уақыт өзі өлшейді қашандағы,
Талант бола алмайды алған атақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу