Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  75


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Жиырма жыл – жиырма еккен гүл екен.
Жиырма жас терек көктеп тұр ескен.
Бұл жиырма жыл
Бұлбұлдайын сүйкімді,
Қайрат пенен Нұрсұлудай бүр екен.
Мұндай тойда тебіренбей жата алған
Ақын бар ма? Сонау қазақ атамнан.
Желге ұшырмай Жездібаев ордасын,
Ата-анасы – қос босаға атанған.
Өмір жайлы суық қысқа тоңдыңыз,
Өстіңіздер, өркен жайып толдыңыз.
Бір пəтердің мəңгілікке жағылған,
Екеуіңіз қос шырағы болдыңыз.
Екеуіңіз ата-анасыз, басшысыз,
Өтті уақыт, жетті бақыт жақсы күз.
Кейінгіге келешегін үйреткен,
Демек, Сіздер гүл өмірге
Жақсысыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу