Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  93


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Ата-ана қамқорлықты биік тілеп,
Жүрдік біз сүйіктіден сүйікті боп.
 Мəз болып еркіндіктен тоқтамадық,
Біріміз-бірімізге иық сүйеп.
Мен сені Алматыға алып келдім
(Жеріңе көлеңкелеу жарық бердім).
Менен сен болсаң да үлкен
Дипломды,
Қамқорлық көңіліммен алып бердім.
Шіліңгір жазды аңсап,
Күзге келдім.
Бұл емес еді менің іздегенім,
Алыстап ауылымнан жүргенімде
Амал не?
Іздемедің,
Іздемедің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу