Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  88


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Жаным-ау, аңқаусың ба, жуассың ба?
Біле алмай келем жүріп жыл астында.
Шығайық Алатаудың биігіне,
Қайтеміз уақыт алып қыр астына.
Іздейік жоғымызды тегіс жерден,
Толтырып ұртымызды жемістермен.
Шығатын болса мүйіз шығар еді,
Шырмалып жүрдік қой біз, еңістерден.
Кез емес, бұта аралап гүл көретін,
(Десе де табылар-ау жүр, керегің).
Самырсын саясына дамылдап ап,
Кезге де жетейікші гүл теретін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу