Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  76


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАЙРАУ

Түтетіңдер көк түтінін əкеңнің,
Таза ауасын талқан қылып пəтердің.
Отаға мен келген қонақ сен де тарт,
Таусылса егер дүкенде көп. Əкелгін.
Түтетіңдер көк түтінін əкеңнің.
Өздеріңе, көздеріңе береді от,
Денсаулыққа мүмкін «əбден» керемет.
Қалтаңда ақшаң таусылса егер алуға,
Көшедегі тұқылын да тере кет.
Пайда емесін барлығың да білесің,
Біле тұра бұрқыратып күлесің.
Көшедегі жарнамалар айтқандай,
«Ағылшыннан алатұғын үлесің!».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу