Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  166


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

РЕНІШ

Талай-талай өткен бірге қолдас үн,
Оқуда озат бар еді бір жолдасым.
Кемтар адамдарды көрсе қиналып,
Жанарына іркуші еді ол жасын.
Студенттік еді кездің соңғысы,
Емтиханнан шықты өзгеріп өң-түсі.
Күздігүні жауар бұлттай тұнжырап,
Тұрды өңінде реніштің белгісі.
Не болды деп жүрсем мұндай күрделі,
Бес орнына төрт алыпты, бұл жолы.
VI
Төбесінде күлтеленіп тұлымы,
Тор жорғаның кісінейді құлыны.
Көк шалғынды алдына егер апарсаң,
Онан артық жануар жоқ тынымды.
 * * *
Ұмытып мүлдем
Шығарам қалай мен естен,
Ықтасын болғам
Кездерде суық жел ескен.
Болсаң да үлкен,
Аға деп сені айтпадым.
Құрдастай көрдім,
Өйткені жастай тел өскем.
Құйғытып жүрген,
Құйыны қызық белестен.
Құйындай ойнап,
Ұзады-ау уақыт тел өскен.
Екеуміз қанша
Ойламай кеттік десек те,
Ешқашан бізді
Шығармайды ғой ел естен.
Жүрмесек те əлі
Төңкеріп тастап тауды біз,
Қырмасақ тағы
Қырқыншы жылдар жауды біз,
Екеуміз қанша
Ұмытып кеттік десек те,
Еш уақыттарда
Санамайды алыс аулымыз.
Екеуміз талай
Əн айтпап па едік бірлікте,
Сағына қарап
Бүгінгі мынау тірлікке.
Жұбымыз əсте ажырамайтын,
Байланған –
Балапандарындай
қарлығаштың
бір жіпке.
Бұл күнде саған
Бəрі де жат-ау солардың,
 Бүйрегің болып
Бір мендей жақын болар кім?
Хатың да жоқ-ау!
Оқитын бір сəт шалқыта.
Самарқаулықты
Санаймын қалай қарттыққа.
Сырласып жүрген
Сыпайы мінез өмірде,
Сыйласып жүру
Сені мен маған артық па?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу