Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  137


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ДИҚАН АҒА

Диқан Əбіловқа
Жасарып бір бозбалаша бас алға,
Қартаймайды шыққан емен жасаңға.
Шөпшегіңіз «Ата» десе, арман жоқ,
Ал біздер ше,
«Аға» дейміз қашан да ...
Ризамыз Сіздей ақын ағаға,
«Миллиардтың жыры» болған далаға.
Романды өлеңменен жаздыңыз,
Керек бізге Дихан атты баба да.
Болсаңыз да ғашық өмір балына,
Қарамаңыз шаштың аппақ талына.
Сіз жасауға тиіссіз ғой,
Тиіссіз
Нобель ақын үшін жетпіс тағы да.
Атыңызда ажары бар даланың
Басыңызда ойлары бар дананың.
Жетпіс деген Əліппені жаңа ашқан
Жасы ғой бұл он-ақ ғана баланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу