Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  268


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЛТЫН ҚАЛАМ

Бауырым Ғалым Боқашқа
Көздің жауын жаулап бір жалтылдаған,
Көңілімді тербейсің Алтын қалам.
Күн шуағы ойнайды жылы ұшырап,
Күлкі орнатты көзіме алқынған əн.
Ұқтырғандай басқаның парқын маған,
Көз алдымда гүл болып Алтын қалам.
Түсіндіріп тұрғандай түсіменен:
«Ақын ақын бола ма, шарқ ұрмаған».
 Елестетіп Емілді сарқылмаған,
Гауһар көзбен қарайды жалтылдаған.
Мыс болсаң да алтын ғып бағалаймын,
Айналайын, атыңнан Алтын қалам.
Үмітпенен қарайды əр күн маған,
Өмір жəйлі тербетіп Алтын қалам.
Қуанышпен көңілімді көтереді,
Қуат беріп күшіме сарқылмаған.
Алтын қалам!
3 маусым, 2005 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу