Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  109


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҚ ҚАЙЫҢДАР АЙМАҒЫ

Аруыңнан ақжарқын əн аңсағам,
Арман гүлін жайқалтқан жан ем саған.
Балалығын қалдырған Мағжан ақын,
Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған.
Аққуыңнан сыбызғы үнін аңсаған,
Ақпейілден берілген жан ем саған.
Академик ұлы бар Сəбең сынды,
Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған.
Ауылыңнан ақжарқын əн аңсаған,
Əлдилеген пəктікті жан ем саған.
Ізтоллиндер шомылған Есілі бар,
Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған.
Аруың жүр көктемін бастап маған,
Алабұртам көңілмен ас батпаған.
Əттең, шіркін!
Біржан боп жаралсам мен
Əн көтеріп жетер ем асқақтаған.
Ақ қайыңдар, əзсің-ау шалқар өскен,
Ұмыттырмай жүретін қалқаны естен.
Сəлем, сəлем ақынның жүрегінен,
Қожаберген Жыраудың алқабы өскен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу