Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  128


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТАБИҒАТ ТҰЛҒАСЫ

Сыр ұқтырып тастан да
Пейілденді күліп күн.
Алып шатыр – аспанда
Жұғыны жоқ бұлттың.
Айналасы жыр тұнған –
Бұл өмірдің жылуы.
Жер бетінде құлпырған
Қызыл гүлдің сұлуы.
Нұрға малды көк жүзін
Кешкілікте туған ай.
Толқындары теңіздің
Тұнып аққан, туламай.
Дауысында нəзіктік,
Құбылғаны епті ылғи.
Көл үстінде қаз ұшып,
Қанатынан төкті күй.
Бұрылып ап бұлаққа,
Арманыңдай аңсаған.
Бүрлеп тұрған бұтаққа
Бұлбұл қонып əн салған.
Үзіп өскен гүлді еркін, –
Дүниені алаң ғып.
 Табиғаттың қыз көркін
Бұза көрме жамандық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу