Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  83


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КЕШКІЛІК

Көл базары тарады,
Тына қалды толқыны.
Күңгірт тартып барады,
Таудың сонау қолтығы.
Бұлттанды аспан өңірі,
Өңінде бар құбалық.
Ауық-ауық көрінді,
Алтын арқан шұбалып.
Құрбылардың дабыры,
Қырымнан жүр естіліп.
Сахараға сабырлы,
Келе жатыр кешкілік.
Салқын самал құнығып,
Аралап кең Арқаны.
Бұталардың бұрылып
Құлағынан тартады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу