Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  105


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МІНЕЗІМ

Ғасыр болсаң, асылмын өтелмейтін,
Албырт болсаң, ақылмын «жетем» дейтін.
Арна болсаң, толқын боп аунақшимын,
Айдын болсаң, аққу боп мекендеймін.
Күз боп келсең – ұстайды ақпандығым,
Түнек болсаң, шығыстан атқан нұрмын.
Мұз боп келсең, жібітер шұғыламын,
Көгал болсаң, көктемгі ақ жаңбырмын.
Қайғы болсаң, көзіңде жас боламын,
Адам болсаң, ескірмес баспанаңмын.
Қия болсаң, қыранмын ұялаған,
Асқар болсаң, басында ақша қармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу