Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  128


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СЕМЕЙ

Шыңғысы бар, Ертісі бар гүл өлкем,
Көңілімнің күмбезіндей күй көркем.
Көкірегімді көгалыңа сүйгізіп,
Келе жатқан мен де сенің бір еркең.
Пəк махаббат періштесі Баян да,
Сыр шертісіп, серт беріскен саяңда.
Қос ғашықтың көрген сайын моласын
Тебіренемін, алуан ойға қалам да.
«Татьяна» əні алғаш таралып,
Сенде Пушкин жүрді өлеңі жаңарып.
Қауырсынын қалам етіп сұңқардың
Сенде Абай қалдырды ойын даналық.
Аспаныңда қалықтаған сүзбе – бұлт,
Жазығыңда жатыр жомарт күз қонып.
Сенде жүріп, əкем менің жігіт боп,
Сенде апам шолпы таққан қыз болып.
1963 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу