Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  80


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚЫС СУРЕТТЕРІ

Жіберші жанарыңды аралатып,
Оранды ақ көрпеге дала жатып.
Арнада сынған мұздың дауысынан,
Ақ қоян кеуегінен барады атып.
Ғажап-ай, аумағындай алақанның,
Таппайсың жер бетінің қара дағын.
Шеберлік өнерімен шытқыл аяз,
Бетіне бояу жаққан əр адамның.
Бықсыған түтіндей бір тыйылмады,
Булары жатқан көлдің қиырдағы.
Бір жазып, бір өшірген жыр жолындай,
Қым-қиғаш жортқан аңның шиырлары.
Ақ тұздай қой кемірген кетіктеніп,
Таулар тұр көрген көзге не түрге еніп.
Барады орман түлкі бұлаң қағып,
Желге ұшқан қызыл жаулық секілденіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу