12.02.2022
  208


Автор: Абдрахман Асылбек

Нөсер

Шаң-тозаңды үйіріп,
Жел ұйытқып еседі.
Қабағы тас түйіліп,
Аспанда бұлт көшеді.
От қамшысын үйіріп,
Шатыр етті ол кенеттен.
Кетті нөсер құйылып,
Төгілгендей шелектен.
Тамшылары нөсердің
Терезені сабалап,
Иір-иір көшені
Ағып жатты аралап.
Тамаша ғой, тамаша
Астықты алқап, тың далам.
Тамашалап балаша
Жаңбыр жырын тыңдаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу