👈 қаріп өлшемі 👉

  12.02.2022
  47


Автор: Абдрахман Асылбек

Жайлауда

Өткізген ем аз күнді,
Жайлау қандай тым қызьқ.
Деді атам: «Бас білдір», –
Асау тайға мінгізіп.
Жүрек тулап сол замат,
Кетті көзім бұлдырап.
Айт-шу десе болғаны-ақ,
Тайым шабар құлдырап.
Балалары малшының
Маған күле қарайды.
Шаппай жатып, бар шыным,
Құламасам жарайды.
Қарадым бір маңыма,
Намыс оты жалындап.
Жабысып тай жалына,
Шауып кеттім арындап.
Ай, бір кезде кенеттен
Мұрттай ұштып құладым.
Балаларға не бетпен
Қараймын деп жыладым.
Болғаныма табансыз
Қатты ұялдым, қысылдым.
Жас төгудің жарамсыз,
Іс екенін түсіндім.
Балаларға байқаған
Жібермедім ақымды.
Қарғып мініп қайтадан,
Тайға бастым тақымды.
Жоқ, бұл жолы кәйтем деп,
Зәре-құтым қашпады.
Астымдағы тай тентек
Жайлап желе бастады.
Осылайша тұңғыш мен
Жайлауменен таныстым.
Әрең-әрең мінгізген
Тентек таймен табыстым.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы