12.02.2022
  231


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұйқасын тап

Тау көтерер шамасы бар,
Дәу машина
(Самосвал)
Тегістейді күнде жер,
Әкем мініп
(Бульдозер)
Құлпырады қырат-қыр,
Жыртып берсе
(Трактор)
Дөңгеленер дала боз,
Жүріп өтсе
(Паровоз)
Тез жетпейтін қала жоқ,
Самғап ұшса
(Самолет)
Қасқырларды үркітті,
Атып атам
(Мылтықты)
Жағаладым
Жағаладым жар жақты,
Қолыма алып
(Қармақты)
Көріп қысқы таңды мен,
Қырға шықтым
(Шаңғымен)
Мұзайдында қалқи мен,
Сырғанадым
(Конкимен)
Қар жентектеп шаттана,
Соқтық біздер
(Аққала)
Тамылжиды күй шалқып,
Ойнай білсең
(Күйсандық)
Салам орман, алаңды,
Қолыма алып
(Қаламды)
Бәрін де тез ұғамын,
Түсіндірсе
(Мұғалім)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу