👈 қаріп өлшемі 👉

  12.02.2022
  38


Автор: Абдрахман Асылбек

Санамақтар

1
Бір дегенің – білім,
Білім – жарық күнің.
Екі дегенің – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Үш дегенің – үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Төрт дегенің – талап,
Талмайтұғын қанат.
Бес дегенің – бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Алты дегенің – арман,
Атар таңың алдан.
Жеті дегенің – жігер,
Жетер жерін білер.
Сегіз дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Тоғыз дегенің – талғам,
Тура жолды салған.
Он дегенің – Отан,
Отанды сүй, ботам.

2
Бір дегенің – балық,
Байқа суға барып.
Екі дегенің – елік,
Елік тауға көрік.
Үш дегенің – үйрек,
Салар суға ирек.
Төрт дегенің тауық,
Жүр жұмыртқа тауып.
Бес дегенің – барыс,
Аузы кере қарыс.
Жеті дегенің – жайран,
Желден жүйрік хайуан.
Сегіз дегенің – сұңқар,
Сұңқар көкке шырқар.
Тоғыз дегенің – тұлпар,
Тұлпарға әркім іңкәр.
Он дегенің – ортеке,
Қой бастаған ер теке.

3
Бір дегенің – білек,
Екі дегенің – елек,
Үш дегенің – үлек,
Төрт дегенің – түлек,
Бес дегенің – балақ,
Алты дегің – алап,
Жеті дегенің – желек,
Сегіз дегенің – сенек,
Тоғыз дегенің – торап,
Он дегенің – орақ.

4
Бір дегенің – берік,
Екі дегенің – ерік,
Үш дегенің – үміт,
Үш дегенің – үміт,
Төрт дегенің – түбіт,
Бес дегенің – білік,
Алты дегенің – арық,
Жеті дегенің – жілік,
Сегіз дегенің – сырық,
Тоғыз дегенің – тобық
Он дегенің – ойық.

5
Бір дегенің – белің,
Екі дегенің – елің,
Үш дегенің – үйің,
Төрт дегенің – түйін,
Бес дегенің – бұйым,
Алты дегенің – айың,
Жеті дегнің – жайын,
Сегіз дегенің – сайың,
Тоғыз дегенің – тайың,
Он дегенің – ойын.

6
«Бір» дегенің – жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі» дегенің нашар баға,
Інішегім, нашарлама.
«Үш» дегені – орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт» дегенің – жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес» дегенің – үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

7
Бір дегенің – басбармақ,
Барлық істі басқармақ.
Екі дегенің – балалы үйрек,
Ақ қағазға салады ирек.
Үш дегенің – ортан терек,
Еңбек етіп, болған зерек.
Төрт дегенің – шылдыр шүмек,
Тілі тәтті былдыр түлек.
Бес дегенің – кішкене бөбек,
Үлкендерден үйрене бермек.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы