👈 қаріп өлшемі 👉

  12.02.2022
  29


Автор: Абдрахман Асылбек

Үйрену

Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақтарды жасадық
Инеліктен үйреніп.
Суда жүзген балықты
Бақыладық байыпты.
Соған қарап жасадық,
Біз сүңгуір қайықты.
Ұзын мойын, сирақты
Білесіңдер жирафты.
Соған қарап ағалар
Крандарды сыйлапты.
Аққұманның оттағы
Бүлкілдейді қақпағы.
Соған қарап, белгілі
Паровозды тапқаны.
Бұлбұл үнін қаншалық
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Соған қарап үйрендік
Тамылжыта ән салып.
Аяз шебер суретші,
Салады әсем суретті.
Терезені өрнектеп,
Сурет сырын үйретті.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы