👈 қаріп өлшемі 👉

  12.02.2022
  51


Автор: Абдрахман Асылбек

Жасыл жапырақтар

А
Алматының аймағы
Алмасымен жайнады.
Ә
Әңгелекті жедің бе?
Әйбат екен дедің бе?
Б
Бүлдірген-ау, бүлдірген,
Бетті бояп, күлдірген.
Г
Гүл – өңірдің ажары,
Гүл – көңілдің базары.
Д
Долананы танып ал,
Долананың дәмі бал.
Е
Ебелек-ау, ебелек,
Елпілдейсің неге көп?
Ж
Жақсы көрем жүзімді,
Жүзім бақта түзілді.
З
Зығырда көп пайда бар –
Зығыр майға айналар.
И
Итқонақ ол тары емес,
Итқонаққа мал әуес.
Қ
Қызылшаны егеміз,
Қантын жақсы көреміз.
К
Күшті дақыл күріш қой,
Күріш деген ырыс қой.
Л
Лимон шәйға дәм берер,
Лимон бойға әл берер.
Н
Нарттай піскен нәк пе еді?
Нәк не деген тәтті еді?
Ө
Өрік, өрік, өріксің,
Өрік, бауға көріксің.
П
Пияз асқа сән берер,
Пияз асқа дәм берер.
Р
Раушан гүл таптың ба?
Қыз төсіне тақтың ба?
С
Сен білесің сәбізді,
Сәбіз мұрын тәрізді.
Т
Тұтта құрттар өреді,
Тұт жеп, жібек береді.
Ф
Фасоль мұртты, қияқты,
Фасоль бұршақ сияқты.
Ш
Шие, шие, шие ме?
Шие ерінге тие ме?


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы