12.02.2022
  187


Автор: Абдрахман Асылбек

Аңдар

А
Аң патшасы Арыстан,
Даңқы жеткен алыстан.
Б
Барыс мысық сияқты,
Бірақ, аса қуатты.
Г
Горилла шын тағы аң ба?
Өте ұқсас адамға..
Д
Дикобраз түрпідей,
Дүрдиеді кірпідей.
Е
Еркелетші елдікті,
Елік аса көрікті.
Ж
Жолбарыс тым қайратты,
Талай аңды жайратты.
З
Зебр ала шапанды,
Кезіп жүрер жапанды.
И
Ит – хайуанның жақсысы,
Үй-қораңның сақшысы.
К
Киік деген керемет,
Атып оны не керек?
Қ
Қасқыр түнде жортады,
Қасқырдан қой қорқады.
Л
Лақ деген ерке төл,
Тез өсетін бөрте төл.
М
Марал маң-маң басады,
Талай белден асады.
О
Ондатра қызық аң,
Оған қатты қызығам.
Ө
Өгізді сен танып ал,
Өте мықты жануар.
П
Піл дегенің ересен,
Болар тауға теңесең.
С
Сілеусінді көрдің бе? –
Сұсты мысық ол мүлде.
Т
Түлкі сылаң қағады,
Терісі оның бағалы.
Ұ
«Ұлы тауға бардың ба?
Ұлар атып алдың ба?
Ү
Үлек жүні үлпілдек,
Үлек желер бүлкілдеп.
Ш
Шиебөрі шатақ-ақ,
Шәуілдейді жата ғап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу