👈 қаріп өлшемі 👉

  12.02.2022
  45


Автор: Абдрахман Асылбек

Алфавитті танып ал

Әр әріпті танып ал,
Сөйлеп кетсе, жаны бар.
«Әліппенің» тұтқасы –
Алфавитті танып ал.
Қанатты қатар
А
Аққу – құстың төресі,
Ақ ұлпадай денесі.
Ә
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыны ашады.
Б
Бұлбұл бастап тойыңды,
Балқытады бойыңды.
Г
Гүл дегенің керемет,
Сүйеді оны көбелек.
Д
Дөңгеленген дөңгелеп,
Айдың жүзі дөңгелек.
Е
Ең қызығы ертегі,
Көп хикая шертеді.
Ж
Жылқышы – әнші жыл құсы,
Тыңдайды оны жылқышы.
З
Зауза ұшады ызыңдап,
Зымыранша зырылдап.
Е
Бағалаңдар елікті –
Аң әсемі, көрікті.
И
Ителгі аулар тышқанды, –
Егістікке дұшпанды.
К
Киікті біз сақтайық,
Ауламайық, атпайық.
Қ
«Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар!
Л
Лашын көкте самғайды,
Қанша ұшса да талмайды.
М
Молдаторғай қырқадан
Мың құбылтып шырқаған.
Н
Дөңгеленген дөңгелеп,
Айдың жүзі дөңгелек.
Е
Ең қызығы ертегі,
Көп хикая шертеді.
Ж
Жылқышы – әнші жыл құсы,
Тыңдайды оны жылқышы.
З
Зауза ұшады ызыңдап,
Зымыранша зырылдап.
Е
Бағалаңдар елікті –
Аң әсемі, көрікті.
И
Ителгі аулар тышқанды, –
Егістікке дұшпанды.
К
Киікті біз сақтайық,
Ауламайық, атпайық.
Қ
«Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар!
Л
Лашын көкте самғайды,
Қанша ұшса да талмайды.
М
Молдаторғай қырқадан
Мың құбылтып шырқаған.
Н
Наурызторғай көктемде
Шырқатады көк белде.
О
Ортекені білесің –
Тойды бастау үлесі.
П
Піл дегенің алып аң,
Бар жануар таныған.
Р
«Р» деген – аң тілі,
Ырылдайды барлығы.
С
Құс аласы сауысқан,
Жерді аралап тауысқан.
Т
Тырау, тырау тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Ұ
«Ұлы тауға бардың ба?
Ұлар атып алдың ба?».
Ү
Үйрек – көлдің төресі,
Үйрек – көлдің кемесі.
Ш
Шаңқ-шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы