12.02.2022
  176


Автор: Абдрахман Асылбек

Қараторғай

Биік талдың басынан
Көріп қараторғайды,
Менің інім Асылхан
Үркітем деп болмайды.
Апам айтты:
– Қой, босқа
Әурелеме торғайды.
Зиянкестен ол басқа
Жемісіңді қорғайды.
Ұғынғаны осы да,
Қумайды енді торғайды.
Ұя салып басына,
Жем береді, қорғайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу