12.02.2022
  109


Автор: Абдрахман Асылбек

Қалтабай

Бізде екі бала бар,
Бір-біріне барабар.
Бірінің аты – Балтабай,
Бірінің аты – Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі,
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен асық шығады,
Бірінен қасық шығады.
Бірінен қалам шығады,
Бірінен тағам шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әйтеуір не керек,
Соның бәрі шығады...
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу