12.02.2022
  135


Автор: Абдрахман Асылбек

Дуэт

Ардақ пенен Арманды
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар бар маңды
Даң-дұң қылып жатпайды.
Ертеменен тұрып ап,
Патефонды бұрайды.
Ауыз үйге шығып ап,
Жақсы дуэт құрайды.
Ардақ ән сап тұрады,
Даусы әсем құбылып.
Арман биге шығады,
Иіліп те бүгіліп.
Көргендердің бәріне
Бұл істері ұнайды.
Айта түс деп әлі де,
Қайта-қайта сұрайды.
Арман менен Ардақты
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар салмақты,
Әдептілік сақтайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу