12.02.2022
  134


Автор: Абдрахман Асылбек

Еріншек

Аңдап ана көңілін,
– Қарным ашты, – деп інім,
Сұрап еді тамақты,
Ұсынды анам табақты:
– Ауыз үйге бара ғой,
Өзің құйып ала ғой.
Көре салып табақты,
Тыржитты інім қабақты:
– Мына табақ кір, – деді,
Жууды өзі білмеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу