12.02.2022
  197


Автор: Абдрахман Асылбек

Мысық пен тышқан

Қол ұстасып бәріміз
Үй маңында дөңге кеп,
Шалқып шаттық әніміз,
Тұра қалдық дөңгелеп.
«Мысық пенен Тышқанды»
Ойнамақ боп келістік.
Бірақ, таппай «Тышқанды»,
Сол заматта керістік.
– Түсіп қалма қармаққа,
Сен – Тышқансың, қашасың, –
Деген едік Талғатқа,
Алды ол жұрттың мазасын:
– Мысық деген пәле епті,
Жеп қояды мені, – деп,
Талғат салып әлекті,
Қоя берді еңіреп.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу