![]() |
|
![]() |
Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
53

Адалдық
Жүрген едік тау жақта,
Кешіп шалғын көгалды.
Ұшып кетіп аулаққа,
Добым менің жоғалды.
Барлық бала жабылып,
Іздесек те таппадық.
Қайттым үйге қамығып,
Жылауға да шақ қалдым.
Ертесіне ерте кеп:
«Емес пе, – деп, – сенікі?» –
Бір доп берді Еркебек,
Тани кеттім – менікі.
Және ұсынды бір тәтті,
Жаны жарқын жан құрбым.
Адал досқа қымбатты
Алғысымды жаудырдым.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |