Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  1343


Автор: Аманккелді Гүлайна

Қызға арнау

Гүлісің ғой осы үйдің еркелеген,


Нұр шаштың ерке мінез көркеміңмен.


Тағдыры жаттық болған қыз ғұмырға,


Ақындар талай жырын шерте білген.


 


Жан жарың


Жан сырыңды ұғынар серің болып,


Барған ошақ ыстық ұя жерің болып.


Жан бауырдай болып кеттік бірімізге,


Ақ босаға аттарсыз келін болып.


 


Аялаған анаңыздың бұлбұлысыз,


Еркелеткен әкеңіздің жан гүлісіз.


Тағы бір отюасының ақ нұры боп,


Тағы бір жақсы жанның тағдырысыз.


 


Білемін, бұл бұцырған өмір заңы,


Ақ маңдайдан жарып шықсын өмір бағы.


Бірге ойнап талай қызық күндер кештік,


Жібергісі келмей тұр көңіл тағы.


 


Болыңызшы барған үйдің керегесі,


Сонда қонар ырысы мен берекесі.


Аққудың ақтығындай өмір берсін,


Қиындықтың көрінбесін көлеңкесі.


 


Жылағым кеп тұрғаны...Жылайыншы,


Алладан тек жақсылық сұрайыншы.


Бір-бірі үшін жанып тұрған қос аққуға,


Бақытты болсын деп дұға қылайыншы.


автор - Аманккелді Гүлайна



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу