12.02.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Серік

Жаздан кейін Серікті
Кімдер қайдан көріпті?
Жайлаудан ол қалаға
Қап-қара боп келіпті.
Білектері балғадай,
Екі беті алмадай.
Қандай жұмыс болса да,
Атқарады талғамай.
Көрсе болды қарасын:
«Қарасың, – деп, – қарасың», –
Кейбір бала күлді оған,
Байқамай өз шамасын.
«Қора қышын құйыстым,
Малдың шөбін жиыстым.
Қамыс орып, атамның
Жауып бердім үй үстін.
Қолда қалқан қалағым,
Қабырға да қаладым.
Деді Серік мақтанып, –
Міне, содан қарамын».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу