12.02.2022
  198


Автор: Абдрахман Асылбек

Айға алғаш ұшқанда

Қарашы гүл далаға,
Қарашы нұр қалаға.
Қуанышы қойнында,
Қарашы бар балаға.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Асқақтаған ән жапты
Астықты аймақ алапты.
Қырға шықсаң кез-келген,
Ғажайыпты көз көрген.
Қазағымның даласы
Танымастай өзгерген.
Кеше дала құм басқан –
Бүгін қала нұр шашқан.
Жеті қабат жұмбақты
Бізге құлақ түрді аспан.
Он айналып нұрлы Айды,
Зымыраным зырлайды.
Қуанышқа кенеліп,
От жүректер тулайды.
Алақанда Ай бүгін,
Жаз шуағын жайды күн.
Салтанатпен тойлайды,
Бақытты елім байлығын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу