12.02.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Той жыры

Бүгін, біздің, балалар,
Туған күнгі тойымыз.
Бәріміздің барабар
Бойымыз бен ойымыз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы сабақ бар,
Оқуды да ойлайық.
Сәби едік кеше біз,
Жігіт болып өсеміз.
Мұхиттарды кешеміз,
Көк әлемін кеземіз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы сабақ бар,
Оқуды да ойлайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу