12.02.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Оқушылар жыры

Бақытты біздер баламыз,
Баулығын Отан – анамыз.
Көңілде шексіз қуаныш,
Шырқатып әнге саламыз.
Күлімдеп көкте күніміз,
Құлпырып қырда гүліміз,
Жанымыз нұрға бөленіп,
Шалқиды шаттық жырымыз.
Табиғат сырын ашамыз,
Өмірге өнер шашамыз.
Асу жоқ біздер алмайтын,
Үнемі алға басамыз.
Бақыттың қайнар бұлағы,
Өмірдің өшпес шырағы,
Сүйеміз жарқын өмірді –
Сүйікті елдің жыр-әні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу