12.02.2022
  187


Автор: Абдрахман Асылбек

Тырналар

Ұшасыңдар қалықтып,
Барар жерді анықтап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көкті бүркеп күзгі бұлт,
Ысқырады ызғырық,
Тырау, тырау, тырналар.
Қуаңданып атырап,
Сарғыш тартты атырап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көре алмайсың көгалды,
Шалғын құрақ жоғалды,
Тырау, тырау, тырналар.
Талдар тонын тастады,
Құстар кете бастады,
Тырау, тырау, тырналар.
Ұшасыңдар сендер де
Күн қызуы мол жерге,
Тырау, тырау, тырналар.
Жазда қайтып келіңдер,
Әнмен сәлем беріңдер,
Тырау, тырау, тырналар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу