12.02.2022
  277


Автор: Абдрахман Асылбек

Құс қорасында

Балапан бір күн Қоразға келіп,
Отырды біраз сұрақтар беріп:
«Өмір деген не? Білмедім соны,
Қай жерде оның басы мен соңы?»
«Өмір ме? Өмір қызыққа тола, –
Деді оған Қораз, – ол біздің қора.
Ақылмен аңдап, қарасаң барлап,
Шеті оның анау тас дуал шарбақ».
Кенеттен сөзге қосылды үйрек:
«Өмірді, достым, ұқпағын үй деп.
Шарбақтан әрі шалшық бар екі,
Сол жерде нағыз өмірдің шеті».
Сол кезде көкте тырналар ұшты,
Бәрінің соған көздері түсті.
Балапан аң-таң, ұқпады түкті,
Дүние, бірақ, қора емес тіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу